«Астана қаласының электронды әкімдігі» жобасының үйлестірушісіДәурен Топаевтың айтуынша, ол арқылы қала тұрғындары мен қонақтары ғаламтор қызметтерін тегін пайдалана алады.
«Электронды әкімдік» туралы айтқан кезде, қалада ашылған «Контакт-орталығы» ақпараттық жүйесін ерекше атап өткен жөн. Бүгінде ол Астана әкімдігінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша барлық арыз-өтініштерді телефон және ғаламтор арқылы қабылдайды. Бұл жерде салық саласындағы қарыздарға қатысты жеке ақпаратты шұғыл алып, Астана қаласында өтетін мерекелік іс-шаралар туралы барлық мәліметті білуге болады. Алдағы уақытта ол ақпараттың бәрі елге СМС-хабарламамен таралады. Ал қала тұрғындарының ғаламторға қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін Астана бойынша 40-қа жуық Интернетке кірудің қоғамдық бөлімшелерін ашу жоспарда бар. Ол іс-шаралар, біріншіден, халықтың сауаттылығын көтерсе, екіншіден, елді ғаламтормен барынша қамтуға мүмкіндік бермек», - дейді Д.Топаев.