Астанада инженерлік жүйелерді тартуға байланысты автожол бөлігі жабылды
10:20, 01 Қазан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Алматы ауданындағы автожол бөліктерінің бірі жабық тұр.
1-2 қазан күндері инженерлік жүйелерді тартуға байланысты Ш.Құдайберді көшесінен Жансүгіров және Махтұмқұлы көшелеріне дейінгі жол қозғалысы толық тоқтатылады. Бұл туралы Астана ІІД баспасөз қызметі хабарлады.