Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрындағы шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Парламент депутаттары мен бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.
Сыр елінің тарихы мен таным-тағылымын сипаттайтын барша Түркі әлемінің абызы - Қорқыттың өмірін сөз өнерінің асыл құдіретімен жеткізген қойылымның авторы жерлесіміз, ақын, драматург - Иран-Ғайып биыл 70 жасқа толып отыр. Осыған орай Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мерейтой иесін қуанышымен құттықтады.
Сепектакльдің режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Әмір-Темір Хұсейін, суретшісі - Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Серік Пірмахан.
Дәл осы күні «Сыр шежіресі» атты қолөнер шеберлерінің және облыстың тарихы мен мәдениетіне арналған көрме ашылды.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 10-14 тамыз күндері Қызылорда облысының мәдениет күндері өтуде.
21:55, 10 Тамыз 2017
Астанада Иран-Ғайыптың «Қорқыт» спектаклі қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 тамыз күні Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы Қызылорда облысының мәдени күндерінің салтанатты ашылуы Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры өнерпаздарының «Қорқыт» қойылымымен басталды.