АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақпанның 14-і мен 18-і аралығында бокстан Астанада «Төртеудің турнирі» атты ірі халықаралық жарыс өтеді.
«Аламан» агенттігінің жазуынша бұл жарысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Украина құрамалары келеді.
Қазақстан бұл сынға бірінші құрамасымен қатыспақ.
Осындай дода биыл екінші рет ұйымдастырылады. Былтыр Алматыда өткен сынға Қазақстан, Ресей, Үндістан, Франция құрамалары қатысқан еді. Сол жарыста Қазақстан жеңіске жеткен болатын.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.