Астанада ірі «Еуразия-2» сауда үйінде өрт болды

None
АСТАНА. 17 ақпан. Астанада 16 ақпанда 10 сағат 52 минутта «Еуразия-2» сауда үйінің 2-қабатындағы №6 дүңгіршекте халық тұтытнатын тауарлар өртенді.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт 11 сағат 06 минутта сөндірілді. Тілсіз жауды сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 23 адамы мен 5 бірлік техникасы; ҚР ТЖМ «Апаттық медцина орталығы» ММ 3 адамы мен 1 бірлік техникасы; «Еуразия-2» сауда орталығының ерікті өрттен қорғау қызметінің 5 адамы жұмылдырылды.

Өрт сөндіру бөлімдері келгенше сауда үйінің әкімшілігі 50 адамды көшірді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.