PRO.NRG FEST Қазақстандағы ең ірі ғылыми фестивальдердің біріне айналды. Күні бойы оқушылар сарайында отбасыларды ғылым мен технология әлеміне жетелейтін дәрістер, интерактивті шоулар мен спектакльдер өтеді.
«Отбасылық фестиваль осымен екінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Бұл жолы да біздің арамызға қосылған, қолдаған адамдар аз емес. Біз білімге құштар жандарды қолдауға тырысамыз. Бұл жолы біз еліміздің барлық өңірінен ерекше спикерлерді алдырттық. Еліміздің әр түкпірінен келген 50-ден астам мұғалім өздерінің инновациялық тәжірибесімен бөлісіп жатыр», - деп атап өтті «Caravan of Knowledge» білім беру қорының басшысы Зарина Биюмбаева.
PRO.NRG FEST Қазақстанда STEAM білім беруді дамытумен айналысатын «Caravan of Knowledge» қорының бастамасымен өткізіледі.