Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметінен хабарлады.
Атап айтқанда, «Astana Piano Passion" екінші халықаралық классикалық музыка фестивалі аясында әлемге аттары аян болған жас дарынды музыканттардың концерті өтеді. 11 мамырда сағат 19.30-да «Астана-Опера» опера және балет театрының камералық залы сахнасында өнер көрсетін лауреаттар:
Шуан Ерн Ли, фортепиано (Австралия, 10 жаста) - Бірінші сыйлықтың лауреаты,
Варвара Кутузова, фортепиано (Ресей, 10 жаста) - Бірінші сыйлықтың лауреаты,
Илья Бахтин, фортепиано (Ресей, 17 жаста) Екінші сыйлықтың лауреаты,
Александр Кутузов, фортепиано (Ресей, 17 жаста) - Гран-при иегері,
Руслан Тұрынтаев, скрипка (Қазақстан, 15 жаста), арнайы қонақ.
Барлық балалар ірі халықаралық байқаулар сыйлығының иегерлері. Астанадағы жеңістерінен соң, олардың өнер көрсету кестелері бұрынғыдан да тығыздана түсті, жас шамаларына қарамастан, олардың әрқайсысы әлемнің түрлі елдерінде бірнеше мәрте жеке концерттерін берді. Астанадағы концерт аясында жас пианистер Э. Григ, Р.Вагнер, Ф.Лист, Р. Шуман, С. Рахманинов және басқа да композиторлардың белгілі шығармаларын ойнауды жоспарлап отыр.
Бұдан басқа, «Astana Piano Passion" екінші халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианистер байқауы күндерінде Ресейдің халық әртісі Денис Мацуевтің және оның байқау лауреаттарымен бірге концерті, сондай-ақ РФ Президенті сыйлығының лауреаты Екатерина Мечетинаның жеке концерті өтеді.