Астанада ірі өрт сөндірілді

АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат - Елордадағы «Алматы» ауданы Толстой көшесіндегі бір жер үйдің сыртқы жағындағы төбесінде, сондай-ақ салынып жатқан коттедж бен балмұздақ сақтайтын қоймада өрт болды.

Маусымның 18-і күні 22 сағат 39 минутта басталған өрттің жалпы аумағы 700 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өрттің жайылуы бір сағаттан кейін тоқтатылып, маусымның 19-ы күні таңғы сағат 04.07-де толығымен сөндірілген. Жалынды ауыздықтау үшін Астана қаласы ТЖМ Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамындағы 120 адам мен 26 техника жұмылдырылған.