Астанада ірі жол көлік апаты орын алды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада, Тәшенов көшесінің Республика даңғылына жетер тұсында ірі жол көлік апаты орын алды. Оқиға орнында әзірге жедел жәрдем қызметі жұмыс істеуде.

Куә болғанымыздай, «Toyota Land Cruiser» маркалы көлік пен Daewoo Лачетти маркалы жеңіл көлік соқтығысқан. Соққы салдарынан жеңіл көліктің жолаушы отыратын жағы күл-талқан болған, ал жол талғамайтын көлік жаяу жүргіншілерге арналған жолға шығып, ағаш пен қоқыс жәшігін соғып талқандап өткен.