Күн тәртібінде «Қазіргі замандағы әйелдер көшбасшылығы» (модератор - Гүлшара Әбдіқалықова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі) және «Әйелдердің экономикалық әлеуетін арттыру» (модератор - Ләззат Ибрагимова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқармасының төрайымы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі) тақырыптарына пікірсайыстар өтеді.
Конгрестің негізгі мақсаттары мен міндеттері: Орталық Азия өңірлерін экономикалық дамытудың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени мәселелерін талқылау және оңтайлы шешімін іздестіру үшін ғалым экономистерді, мемлекеттік органдардың, бизнестің, қоғамдастық пен халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктіру; әйелдердің кәсіпкерлік, саяси және әлеуметтік белсенділігі саласындағы ақпаратпен, білім және тәжірибемен бөлісу; Орталық Азия өңірлерінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін неғұрлым қолайлы іскер ахуал орнатуға ықпал ету болып табылады.
Пікірсайыстарға БҰҰ Әйелдер ұйымының Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы өңірлік бағдарламаларының директоры Дамира Сартбаева, 5 сайланған Қырғыз Республикасы Жоғорғу Кенеші Әлеуметтік саясат комитетінің төрайымы Дамира Ниязалиева, Тәжікстан Республикасы Әйелдер және отбасы істері комитеті төрағасының бірінші орынбасары Хилолби Курбонова, Өзбекстан іскер әйелдері қауымдастығының төрайымы Гульнора Махмудова, швейцариялық «Genint SA» компаниясының өкілі Бермет Акаева, Елші, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы Бушез Аурелия, Ұлыбритания Атом энергетика агенттігінің Құрметті төрайымы Леди Барбара Томас-Джадж және басқа да конгресс қонақтары қатысады.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстан-Британ Сауда-Өнеркәсіптік палата, «Nomad Media Group» компаниясы.