Қала тұрғындарына «Астана Ветсервис» ветеринарлық клиникасында тегін, ал қаладағы өзге ветеринарлық клиникаларда ақылы түрде үй жануарларын есепке алуға және чип тақтыру ұсынылды.
Қаладағы үй жануарлары асыл тұқымды болсын болмасын міндетті түрде тіркелуі тиіс. Бірыңғай тіркеуге алу үшін үш айдан асқан иттер және екі айдан асқан мысықтар Pet-id.kz қалалық иттер мен мысықтарды сәйкестендірудің дерек қорына енгізіледі.
Бүгінде иттерді чиптеу үрдісі қалыпты жағдай. Бұл әдіс жоғалған жануарды жылдам әрі қатесіз тауып, оны иесіне қайтаруға мүмкіндік береді. Жоғалған үй жануарларын тез табу үшін таңба басу, ен салу секілді ескі әдістерге қарағанда электрондық чиптеу ізгілікті әрі тиімді амал.
Үй жануарлары ақысыз негізде келесі мекенжайлар бойынша чиптеледі:
- 20-40 көшесі, ғимарат 2/1 (Мамандандырылған ХҚКО), тел. 7 (747) 623 53 57,жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9:00-18:00 (түскі ас 13:00-14:00).
Ақсүмбе көшесі, ғимарат 1 (А. Пушкин көшесі), тел. 7 (707) 587 44 73,
жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9.00-18.00 (түскі ас 13.00- 14.00), сенбі 9.00-13.00.