АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - 25 қарашада Астанадағы К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында В.Гюгоның «Париж Құдайанасының шіркеуі» романының желісі бойынша жазылған Ц.Пунидің әйгілі «Эсмеральдо» балетінің премьерасы болады. Балетті қойған итальяндық хореограф Антонио Канделоро.
Мәдениет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қойылымның көркемдік жетекшісі - Гуидо Риччи (Италия), қоюшы дирижер - Айдар Абжаханов, бас балетмейстер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиев, бас хормейстер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.
«Эсмеральдо» балетінің ең алғашқы қойылымын француз балетмейстері Жюль Перро 1844 жылғы 9 наурызда Лондонның Корольдік театрында сахналаған еді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.