деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Форум жұмысын ашқан «Қазэнерджи» қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев атап көрсеткендей, бүгінде елімізде қолға алынған үкіметтік бағдарлама аясында Атырау қаласында газ-химия зауытын салу, республикадағы мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту және «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» магистральды газ құбырының құрылысын жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ отандық энергетика саласында Балқаш жылу электр стансысы мен Мойнақ гидроэлектростансысы құрылыстарының жобалары бар. «Бүгінде Еуразиялық энергетикалық форум еліміздің мұнай-газ және энергетика саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін алаңға айналды. Бүгінгі отырыс барысында біз Каспий теңізінің қазақстандық жағын игеру, осы саладағы инфрақұрылым нысандарын дамыту, мұнай мен химия өңдеу, атом электр энергетикасы және электр қуатын үнемдеудің жаңа технологиялары, қазақстандық мөлшерді арттыру, жас мамандарды даярлау, инвестиуциялық жобаларды қаржыландыру және тағы басқа осы саладағы көкейкесті мәселелерді талқылайтын боламыз», деді Т.Құлыбаев өз сөзінде.
IV Еуразиялық энергетикалық форум жұмысына ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев, Біріккен Араб Әмірліктерінің энергетика министрі Мұхаммед Бин Загин Аль-Хамили, мұнай-газ саласындағы отандық және шетелдік компаниялардың басшылары қатысуда.