Астанада IV халықаралық скрипкашылар конкурсының жеңімпаздары марапатталды

None
АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Қазанның 15-19-ы аралығында Астана қаласында IV халықаралық скрипкашылар конкурсы өтті, кеше оның жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Конкурсқа Қазақстан және шетел скрипкашылары, арнайы оқу орындарының тәрбиеленушілері қатысты. Қатысушылар жас шамасына қарай екі топқа бөлінді: жеткіншектер тобы (10 - 15 жас аралығы) және ересектер тобы (16 - 28 жас аралығы).

Қатысушылар И.С.Бах, Н.Паганини, И.Брамс, П.Чайковский, Д.Шостакович сынды ұлы композиторлардың шығармаларын орындады.

Жеткіншектер тобында 1 орынды - мәскеулік скрипкашы Наина Кобзарева, 2 орынды Астана қаласының екі скрипкашысы - Нәзікггү Жаназарова мен Жанара Махмұтова місе тұтты, 3 орын да Астана қаласына бұйырды - Ақбике Алги, Әсемгүл Сыздықова мен Гүлдана Оразаева. «Надежда» арнайы сыйлығы - Ақбике Алгиға табыс етілді.

Ересектер тобында Гран-приді алматылық Ғалия Жарова мен мәскеулік Игорь Хухуа бөліссе, 1 орында Мәскеу қаласының скрипкашылары Александра Адьянова мен Давид Ардуханян жеңіп алды, 2 орынды жапониялық Накамура Мион мен астаналық Иван Коктов місе тұтты, 3 орынды астаналық Шолпан Мәңкеева жеңіп алды. «Надежда» арнайы жүлдесі астаналық Иван Кокотовқа табыс етілді.

IV Халықаралық скрипкашылар конкурсының басты мақсаты - классикалық музыканы дәріптеу, скрипка өнерін насихаттау, қазақстандық жас талантты скрипкашыларды жоғары деңгейге көтеру және Қазақстанның мәдени абыройын арттыру.