деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрме аясында еліміздің мұнай-газ саласындағы жетістіктері мен даму болашағы таныстырылады. Сондай-ақ апталық аясында Қазақстанның мұнай-газ саласының 110 жылдығына арналған «Қазақстан мұнайының тарихы: тағдырлар, жылдар, жетістіктер» атты фотокөрме ашылады. Онда еліміздің мұнай-газ саласына еңбегі сіңген азаматтардың өмірбаяны мен қызметімен танысып, Қазақстан жерінде «қара алтынның» алғаш рет табылған күнінен бастап осы уақытқа дейінгі тарихи жылнамасын фотодеректер арқылы көруге болады.
Іс-шараның басты ұйымдастырушысы - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ы.