Астанада К.Байсейітованың 100 жылдық мерейтойына арналған үлкен мерекелік кеш өтеді
21:23, 10 Сәуір 2012
АСТАНА. 10 сәуір. Қазақпарат - 18 сәуірде Астана қаласындағы К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында КСРО халық әртісі, қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Күләш Байсейітованың 100 жылдығына арналған салтанатты концерт өтеді.
Концертте КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев, Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жанат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанат Шыбықбаев, Айгүл Ниязова, Гүлзат Дауырбаева, Жәмила Жарқымбаева, Мәдина Басбаева, сонымен қатар «Серпер» домбырашылар ансамблі, Мемлекеттік «Наз» би театры және К. Байсейітова атындағы ҰОБТ балет труппасы мен хоры өнер көрсетеді.