Осыған байланысты 26 тамыз күні аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — деп ескертті ведомство.
Бұдан бұрын елордада Шыңғыс Айтматов көшесінің бір бөлігі 29 тамызға дейін жабылатыны айтылды.