Астанада Қабанбай батыр даңғылы мен Қалқаман көшесінің қиылысы ішінара жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада 1 маусым күні сағат 21:00-ден 07:00-ге дейін және 2 маусым сағат 21:00-ден 07:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы мен Қалқаман көшесінің қиылысы ішінара жабылады. 

Фото: gov.kz

Бұл ретте, жол қозғалысының жабылуы тек түнгі уақытта болады. Күндіз жоғарыда аталған учаске ашық болады. 

Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. 

Еске салсақ, бұған дейін Астанада насыбай сатқан кәсіпкерлер жазаға тартылғанын жазған едік.