АСТАНА. KAZINFORM - Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы мен Иманов-Республика қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 3-18 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылының Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскесінде (Дөңгелек алаңның үстіндегі көпір) көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
Сондай-ақ, А. Иманов-Республика көшелерінің қиылысында асфальт жабынына жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Қиылыс 7-9 мамыры аралығында ішінара жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.