Астанада қала күні 24 сәби дүниеге келді

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада Астана күні тек мерекелік іс-шараларымен ғана емес, дүниеге келген сәбилердің сүйінші жаңалығымен де есте қалды.

Фото: Kazinform

6 шілде күні түнгі сағат 00:00-ден бастап Астанада 24 сәби дүниеге келді. Оның 15-і – ұл, 9-ы – қыз, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық перинаталдық орталықта 7 сәби өмірге келді. Оның ішінде 4 ұл және 3 қыз бала бар. №2 көпбейінді қалалық ауруханада 9 нәресте дүниеге келді, олардың 8-і – ұл, 1-еуі – қыз. Ал №3 көпбейінді қалалық ауруханада 8 сәби туған. Оның ішінде 3 ұл және 5 қыз бар.

Қазіргі уақытта барлық ана мен нәрестенің жағдайы жақсы. Олар медицина қызметкерлерінің бақылауында, қажетті медициналық көмек пен күтімді алып жатыр.