Бұл туралы Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан хабарлады.
Жоба көмекке мұқтаж астана тұрғындарына кез келген адам қол ұшын соза алатын ғаламтор-анықтама ретінде жұмыс істемек.
Ғаламтор-анықтама арнайы сілтеме түрінде Астана қаласы әкімінің www . astana . gov . kz . сайтында «Игі істер бюросы» бөліміне орналастырылады. Онда кез келген адам қаржылай, техникалық, гуманитарлық, волонтерлік және басқа да көмекке мұқтаж жандарға қолұшын соза алады. Атап айтсақ, жетімдер үйі, интернат тәрбиеленушілеріне, көпбалалы отбасылар, қатерлі ауруға душар болған, қаржылай қысылған немесе қарттарға және қоғамның басқа да әлеуметтік әлсіз топтарына көмектесуге мүмкіндік алады. Анықтамада көмекке мұқтаж жандардың тікелей байланыс нөмірлері мен қажеттіліктері жазылады.
«Игі істер бюросы» акциясы аясында қайырымды іске белсенді араласқан азаматтарға Астана қаласы әкімі атынан алғыс хаттар беріледі.