Астанада қала күніне орай жыл сайынғы салтанатты неке қию рәсімі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 шілде күні Астана қаласының 17-жылдығын тойлау шеңберінде «Атамекен» қорған кешенінде мерекелік неке қию рәсімі өткізіледі, деп хабарлады Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан.

Жыл сайын аталған іс-шараға неке тіркеуі Астана күнін мерекелеу күніне сәйкес келген жас жұбайлар қатысады. Салтанатты шарада жас жұбайлар арасында бағалы жүлделер ойнатылады. Іс-шарада неке қию рәсімі, танымал адамдардың құттықтау тілегі ойындар, тегін фото-бейне түсірілім, сыйлықтар мен сувенирлер беріледі.