Астанада қала маңы автобустарының қозғалысы тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктердің тоқтатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Құрметті қоғамдық көлікті пайдаланушылар! Ауа райының қолайсыздығы мен тас жолдардың жабылуына байланысты қала маңы бағыты бойынша қатынайтын № 300, № 301, № 302, № 305, № 306, № 307, № 308, № 309, № 310, № 311, № 312, № 315 және № 316 бағдарларының жүрісі уақытша тоқтатылды», - деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі Facebook-тегі ресми парақшасында.

«Астана LRT» осы бағыттардағы қозғалыстың қашан қалпына келетінін қосымша хабарлауға уәде етті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ақмола облысында барлық бағыттағы тасжолдар жабылды.