АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы қала маңы автобустарының қозғалысына қойылған шектеу алынды. Бұл жайында «Astana LRT» ЖШС-нің баспасөз хатшысы Науат Азанбаева Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетерлігі, кеше ол ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанадан барлық бағыттағы жолдарда көлік құралдарының барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғанын жазған болатын.
Сонымен қатар ол Астана маңындағы Ақмол, Тайтөбе, Қабанбай батыр, Қошқарбай ауылы, Аршалы, Жалтыркөл, Максимовка, Воздвиженка елді мекендеріне қатынайтын 300, 302, 308, 309, 311, 315, 316 бағытындағы қала маңы автобустарының қозғалысына шектеу енгізілген.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.