Астанада қалалық сот кеңсесінің қызметкерлеріне арналған жатақхана ашылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық сотының басшылығымен Жоғарғы Соттың қолдауымен қызметкерлерді ынталандыру мақсатында алғаш рет арнайы жабдықталған жатақхана түріндегі ғимараттың ашылу рәсімі өтті.

Шараға Қазақстан Республикасы Сенаты Парламентінің депутаты Б.Бекназаров, Астана қалалық сотының төрағасы Т.Бәрпібаев, кеңсе басшысы Р.Тауымбеков және Астана қалалық соттарының қызметкерлері қатысты. Қызметкерлерді, әсіресе жеке мамандарды тұрғын үймен қамту сот жүйесінің мемлекеттік қызметкерлерді әлеуметтік қолдау бағытындағы басымдықтарының бірі болып табылады. Бөлінген тұрғынжай 92 маманның арасында үлестіріліп, көпшілігі мектеп жасындағы балалары бар отбасылық жұптарға тиесілі болды. Аталмыш жатақхана 4 қабаттан және 71 бөлмеден тұрады. Онда өмір сүруге қолайлы барлық жағдай жасалған, деп хабарланған ҚР Жоғарғы сотының сайтында.