АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - Елордада «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі 1945 жылы дүниеге келген азаматты басып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлады қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.
«Кеше кешкі сағат 21 шамасында «КамАЗ» жүк көлігі Жеңіс даңғылы бойымен Мәскеу көшесіне қарай келе жатып, Бөгенбай көшесімен қиылыста жаяу жүргіншілерге арналмаған жермен өтіп бара жатқан 1945 жылы дүниеге келген азаматты басып кетті. Алған жарақаттан ер адам қаза тапты», - делінген хабарламада
Ведомствоның атап өтуінше, демалыс күндері 4 жол апаты орын алып, 5 адам қаза тапқан және 2 адам жарақат алған.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.