«13 қаңтарда елордалық ІІД «Алматы» аудандық ІІБ қызметкерлері 2014 жылдың 6 желтоқсанында шамамен таңғы сағат 8:00-де Бауыржан Момышұлы және Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында жол-жөнекей өтіп бара жатқан кәмелеттік жасқа толмағандарға тиісті деген күдікпен бір азаматты қолға түсірді», - делінген хабарламада.
Алайда ата-аналар полицияға уақытылы шағымданбағандықтан, сол күні ол ұсталмады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Алматы» аудандық ІІБ қызметкерлері тергеу амалдары кезінде ұсталған 20 жастағы азаматтың Қостанай облысының тумасы екенін анықтаған. Сезікті М. психоневрологиялық диспансерде есепке алынған, ІІ топтағы мүгедек. Қамқоршысымен Астанада тұрады екен.
Ұсталған азаматты жапа шеккендер таныды.
Қазіргі уақытта күдікті қамқоршысына жеткізілді. Полиция қызметкерлері сот психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.