Жалпы, 2008 жылдан бері сот 323 қылмыстық істі қарап шықты. Ол бойынша 338 жасөспірім жауапқа тартылды. Ал 35-сіне қатысты бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданды. «Бас бостандығынан айырылған жасөспірімдердің басым бөлігі адам денсаулығына қауіп төндіріп, жарақат салу, соққыға жығып-тонау сияқты қылмыстар үшін сотталды. Олардың ішінде 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылғандар бар», - дейді Астана қаласының кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының төрайымы Гүлнәр Әбдіғалиева.
13:18, 22 Тамыз 2012
Астанада кәмелеттік жасқа толмаған 35 жасөспірім бас бостандығынан айырылды
АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАпарат - Соңғы төрт жылдың ішінде Астана қаласының кәмелекеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандырылған соты 35 жасөспірімге қатысты бас бостандығынан айыру жазасын қолданды.