«Біз бұл жобаны екіге бөліп отырмыз: бірінші, инженерлік желілерді жүргіземіз, кейін жолайрық саламыз. Бүгінгі таңда біз «Қамқор» автобөлшек базарын сүріп жатырмыз. «Қамқорды» сатып алдық, ол жерде әлі бірнеше иелер қалды. Оларды сатып алмайынша, жолайрықты сала алмайтынымыз анық. Қазіргі уақытта сол жердегі ғимараттар сатып алынуда», - деді ол.
Басқарма басшысының айтуынша, жоба құны 10 млрд теңгеге жуықтайды және толығымен 2019-2020 жылдары пайдалануға беріледі.