деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Жалпыға міндетті оқумен толық қамту айлығы аясында өтетін бұл шараның мақсаты - күнкөрісі нашар, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек және қолдау көрсету болып табылады.
Акция барысында мамандар тәуекел тобындағы жанұяларды аралайды, олардың материалдық және тұрмыс жағдайларын қарап, панасыз, қараусыз қалған балаларды, жайсыз отбасылар мен аз қамтылған жанұядан шыққан балаларды, материалдық көмек қажет ететін және әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бармай жүрген балаларды анықтайды. Педагогтар оқушылар мен олардың ата-аналарын жалпы оқытумен қамтуды жүзеге асыру бойынша нормативтік құжаттармен таныстырады. Ал балаларға көмек ретінде осы мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметін жүзеге асыруға жұртшылықты, меценаттар мен демеушілерді тарту шараларын ұйымдастырады.
Мектептерде акция бойынша сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, қайырымдылық концерттері, жәрмеңкелер ұйымдастырылады.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлағанындай, «мұқтаждарға барлық тілек білдірушілер көмек көрсете алады және тиісті ақпаратты 55-69-74 телефонына хабараласу арқылы алады».