Астанада қанша бала жазғы еңбекпен қамтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада балаларды жазғы еңбекпен қамту көрсеткіші өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жазғы маусымда 175 200 баланың еңбекпен шұғылдануын қамту жоспарланды. Бұл 94,1% көрсеткішті құрайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 66,9 % болған. Қосымша тәрбие жұмыстары бағыты бойынша балалар «Біз елорданы аралаймыз» және «Естелік орындардан Қазақстанның киелі жерлеріне дейін» Қазақстанның киелі жерлеріне баратын туристік өлкетану экспедицияларға барды. Спорт лагерлері бойынша 5510 оқушы жолдама алып, спорт түрлерінен жарыстармен қатар, ұлттық ойындарды үйренуде», - деді Астана қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нариман Еламанов қалалық коммуникацияларда өткен брифингіде.

Одан бөлек, білім басқармасының өкілі балаларды жазғы демалыспен қамтуды сөз етті.

«Жазда астаналық балалардың шамамен 98%-ын қамтуды жоспарланды. Яғни 1-ден 10-сыныпқа дейінгі 186 мыңнан астам бала. Оның ішінде шамамен 10 мың аз қамтылған және жетім балалар бар. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының базасында 155 демалыс лагерь ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 85 мектеп жанындағы лагерь, 68 бейіндік лагерь. Екі кезеңде 134 494 бала демалып жатыр. Одан бөлек, қаладағы оқушылар сарайында «Жазғы шығармашылық мектебі» ұйымдастырылып, оған 462 бала барды», - дейді ол.