Елордада аумағында барлығы 70 фонтан бар.
Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының балансында екі субұрқақ нысаны бар:
- Республика даңғылы, 34 мекенжайында («Жастар» сарайы) – 3 бірлік;
- Республика даңғылы, 6 мекенжайында («Есіл» СҮ) – 1 бірлік.
Биыл аудан әкімдігі оларды реконструкциядан өткізуді жоспарлап отырған жоқ.
Сарыарқа ауданында 10 субұрқақ бар: «Өмір ағашы», «Сирен», Абай/Желтоқсан фонтаны, «Ақжайық», «Атырау», «Жастар театры», Мәскеу көшесіндегі сквердегі субұрқақ, «Айналмалы шар» («Чупачупс»), «Әлия Молдағұлова ескерткіші».
Алматы ауданында да фонтандарды іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Әкімдік балансында 10 субұрқақ пен субұрқақ кешені бар:
- Президент саябағы;
- «Қазақ Елі» алаңы;
- «Әзірет Сұлтан» мешіті;
- Тәуелсіздік сарайы;
- Бейбітшілік және келісім сарайы;
- Б.Момышұлы атындағы саябақ;
- Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы;
- Отан қорғаушылар алаңы;
- «Студенттік» саябақ;
- Абылай хан даңғылы бойындағы желекжол.
Субұрқақтар саны бойынша абсолютті рекордшы Есіл және Нұра аудандары болып саналады. Қос ауданда барлығы 27 субұрқақ кешені бар, оған 48 субұрқақ кіреді.
Аудандардағы субұрқақтар тізімі:
- Бас алаңдағы 7 субұрқақ кешені;
-«Ақ орда» субұрқағы;
- Министрліктер үйі жанындағы «Шаршы және би» субұрқағы;
- Сулы-жасыл бульвардағы «Музыкалық» субұрқақ;
- «ҚазМұнайГаз» дөңгелек алаңындағы «Дөңгелек» және «Каскад» субұрқақтары және «Кит» субұрқағы;
- «Ғашықтар» саябағындағы «Дөңгелек және таға» фонтаны;
- «Хан Шатыр» СОО ауданындағы субұрқақ;
- Жасыл кварталдағы су айдынындағы субұрқақ;
- Ислам мәдени орталығы ауданындағы субұрқақ;
- «Астаналық цирк» субұрқағы;
- «Құрманғазы» ескерткіші ауданындағы субұрқақ;
- «Астаналық» саябағындағы субұрқақ;
- Дипломатиялық қалашықтағы субұрқақтар;
- «Жетісу» саябағындағы екі субұрқақ;
- Бөкейхан көшесі бойындағы саябақтағы субұрқақ («Еңбекшілер» сквері);
- «Есіл» өзені бойындағы саябақтағы субұрқақтар кешені мен «Сарқырама» субұрқағы;
- «Желілік саябақ» саябағындағы субұрқақ;
- EXPO – 2017 субұрқағы, сондай-ақ «25 жылдық» саябағындағы құрғақ субұрқақ;
- «Тойқазан» музыкалық фонтаны мен Ботаникалық бақтағы су айдынындағы субұрқақ.