Астанада қар күреп жүрген ер адамды көлік қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы тар көшелердің бірінде қар күреп жүрген жігітті жоғары жылдамдықпен жүйіткіген көлік қағып кетті.

Жол апатаның видеосы əлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеоны əлеуметтік желіге жүктеген азамат оқиға куəгерлерін іздестіріп жатыр. Себебі, адамды қағып кеткен көлік те, оның артынан келе жатқан машиналардың бірі де оған көмектесу үшін тоқтамаған.

"Оқиға 27 қаңтар күні сағат 18.45-те Жұмабаев даңғылы мен Абылайхан даңғылының ортасында, Майлин көшесінде орын алды. Болжам бойынша, Фольксваген Гольф маркалы көлік қар күреп жүрген жігітті қағып кетті де, тоқтамастан, оқиға орнынан қашып кетті. Оның артынан еріп келе жатқан көліктердің бірде-бірі əлгі жүргізушіні тоқтатуға тырыспаған. Видеода көліктің нөмірі байқалмайды. Жігіт аман, аздап жарақат алды. Осы оқиғаны көрген куəгерлер болса, хабарласыңыздар",-деп жазған Фэйсбук əлеуметтік желісінде "Бакенти Астана" есімді пайдаланушы.