Астанада қар күреуге 1600-ден астам арнайы техника шығарылды

Фото: Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM —  Елордада соңғы күндері қалың қар жауды. Қар тазалау жұмысы тәулік бойы жалғасуда. Коммуналдық қызметтер үздіксіз күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл утуралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Фото: Агиай Аяпбргенов / Kazinform

10 наурыз күні таңертеңнен бері Астанада 2600-ге жуық жол қызметкері мен 1645 арнайы техника қар тазалауға шықты. Наурыздың 10-на қараған түні коммуналдық қызмет 2726 ауыр жүк көлігімен қаладан 38 524 текше метр қар шығарды.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Қыс мезгілінің басынан бері 570 454 ауыр жүк көлігімен қаладан 7,1 миллион текше метрден астам қар шығарылды. Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер — алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. тазартылады. 

Фото: Агиай Аяпбргенов / Kazinform

Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие. 

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған. 

Фото: Агиай Аяпбргенов / Kazinform

— Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз. Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз, — делінген хабарламада.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Еске салсақ бүгін 8 облыста жол жабылған еді.