Астанада қар күреуге 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада қар тазалау жұмысына күндізгі уақытта 2,2 мыңнан аса жол жұмысшысы жұмылдырылды. 

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша, 9 наурыз күні қала бойынша 2,2 мыңнан аса жол жұмысшысы мен 1,1 мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылған. 

Өткен түнде 1,2 мыңнан аса рейс арқылы қаладан полигондарға 17,4 мың текше метр қар жеткізілді. Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 445,3 мың рейспен 6 млн текше метрден астам қар шығарылған.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада қар күреу жұмысы тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі жүретін жолдарда, аялдамалар мен тротуарларда тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Астана қаласында 9 наурызда күндіз жауын-шашын, ал түнде және таңертең тұман болады деген болжам жасалды.