Қазгидрометтің болжауынша, Қазақстан аумағы Урал аудандарынан жылжыған атмосфералық фронттың ықпалында. Ол жауын-шашын мен күннің суытуына себеп болып отыр. Ауа температурасы көпжылдық орташа көрсеткіштен төмен.
12:11, 09 Қазан 2016
Астанада қар жауды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғындары әлеуметтік желілерде алғашқы қардың суреттері және видеоларымен бөлісуде. Көлік жүргізушілері темір тұлпарларының доңғалағын жақын арада ауыстыру керек деп алаңдауда.