Астанада қар жауып тұр

None
АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Астанада бүгін қар жауды. Синоптиктер осындай ауа райы республиканың барлық солтүстік аймағында болады деп отыр - жаңбыр соңы қарға ұласады,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Қазақстанның көп бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстік шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарында, күндіз Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін жетеді. Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Алматы облысы Алакөл көлі маңында жел секундына 15-20 метрге дейін көтеріледі.

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік батысында, оңтүстік шығысында кей жерлерде және республиканың орталығында жоғары өрт қауіпсіздігі сақталады.