АСТАНА. KAZINFORM - Аликанте қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша елорда аумағында қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған Ресей азаматы ұсталды.
2016 жылы ер адам топ құрамында үйге заңсыз кіріп, зорлық-зомбылықпен жалпы сомасы 4 млн теңгеден астам мүлікті иемденген.
Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Оны елге жеткізу мәселесі шешілуде.
Осыған дейін кәмелетке толмаған қызға азғындық жасағаны үшін іздеуде жүрген адам Ресейден экстрадицияланғанын жазған едік.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.