Көрмені TWESCO-ның қолдауымен Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Елшілігі ұйымдастырды.
Шараға екі елдің мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломаттар, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Көрмені ашқан Әзербайжан елшісі Рашад Маммадов 28 жыл бұрын 20 қаңтарда болған оқиғалар туралы әңгімелеп, көрменің маңызына тоқталды.
Келушілер назарына тарихқа «қаралы қаңтар» деп енген күнгі қайғылы жағдайлар мен қаза тапқан құрбандардың суреттері ұсынылды.
20 қаңтар Әзербайжанда бүкілхалықтық аза тұту күні деп жарияланған. Тоталитаризмнің салдарынан болған қанды оқиғаларға биыл 28 жыл толса да әзербайжан халқы тәуелсіздік үшін күресте шейіт болған туған-туыстары мен жақындарын еске алып, аза тұтады.