«Осы жылдың 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында мониторинг топтары шектеу және карантин шараларының бұзылуына қатысты 158 шұғыл хабарлама жіберді: Осылайша Үйлестіру орталығынан шұғыл хабарламалар келіп түсті. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 28 933 070 теңге болатын 107 әкімшілік айыппұл салынды (оның ішінде бір нысандағы 4 қызметкерге айыппұл салынған). Кемшіліктерді реттеу жөнінде 105 нұсқама берілді», - дейді Жанна Пралиева.
Шектеу және карантин шараларының «әдейі бұзғандарға» қатысты нұсқаманы орындамағаны үшін Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша 7 әкімшілік хаттама жіберілді. Олар: «sova» караоке барының, «Жаным сол» караоке-барының, «Alanya» түнгі клубы, «Teqila» лаундж-бары, «Echo» бары, «Алтын» мейрамханасы.
«Әкімшілік кодекстің 462-бабының 3-бөлігінің санкциясы нысан қызметін тоқтата отырып, әкімшілік айыппұл түріндегі жаза беруді көздейді. Басқарма өкілдері өкілдері жоғарыда аталған нысандардың қызметін 3 айға дейін тоқтата тұру түрінде қосымша жаза шарасын қолдану туралы сотқа өтініш жасайды», - деді ол.