ресми қолдауымен осымен бесінші рет Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені жетістіктерінің «Қараөткел-2011» республикалық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады «Қазагромаркетинг» АҚ баспасөз қызметі. Жыл сайын Қазақстанның барлық облыс өкілдері Астана тұрғындары мен қонақтарына өз тауарларын ұсынады. Жәрмеңкеге қатысушылардың арасында - ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындар; мал, техника және құрал-жабдық сатушылар; ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілері; Қазақстан мен шетелдік ғылыми және іскер қауымдастық өкілдері.
Жәрмеңкенің басты міндеттері: ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру; ауыл шаруашылығы тауарлары/қызметтерін сауда-саттық ұйымдастыру, сонымен қатар аграрлық нарық қатысушыларының алдын-ала келісім-шарт жасасуы жолымен тұтынушыларға жеткізу; АӨК саласында жаңа технологияларды енгізу; агробизнес қатысушыларының тәжірибе алмасуы; іскерлік байланыстарды: аймақтық, аймақаралық және сыртқыэкономикалық шаруашылық қарым-қатынастарды дамыту; халық қолөнері үлгілерін көрсету болып табылады.
Жәрмеңке аясында мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы ғылыми жетістіктер (генетика, азықтандыру рациондары, мал ұстау және өзге); шетелдік АӨК саласындағы үздік практикалық тәжірибесі тақырыптары бойынша оқыту семинарлары өткізіледі:
«Қараөткел-2011» жәрмеңкесі аясында II Халықаралық «KazMeat&Milk-2011» мал шаруашылығы форумы өтеді.
Сонымен қатар жәрмеңке аясында ҚР АШМ өкілдері және тәуелсіз сарапшылар тарапынан үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері анықталады. Жәрмеңкеге қатысушылардың үздігі ұйымдастыру комиссиясының атынан «Қараөткел-2011» алтын медалімен марапатталатын болады.
Сөйтіп, жәрмеңке сарапшылардың, агрокәсіпорындардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға, өндірушілер мен сауда желілерінің іскерлік байланыстарын орнатуға әсер етеді.