деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттің мәлімдемесіне қарағанда, электр энергиясына 1 кВт/с босату тарифі қосымша құн салығынсыз (ҚҚС) 6,90 теңге мөлшерінде келісілген. «Осыған орай босату тарифіне сәйкес, электр плиталарын пайданалатын жеке тұлғаларға (тұтыну көлемі - 90 кВт/с) ең төменгі тариф - 1 кВт/с үшін ҚҚС-сыз 6,21 теңге (6,96 теңге ҚҚС-мен), ең жоғарғы тариф - 1 кВт/с үшін ҚҚС-сыз 8,28 теңге (9,27 теңге ҚҚС-мен) деп белгіленді. Ал электр плиталарын пайдаланбайтын жеке тұлғаларға (тұтыну көлемі - 70 кВт/с) ең төменгі тариф - 1 кВт/с үшін ҚҚС-сыз 6,48 теңге (7,26 теңге ҚҚС-мен), ең жоғарғы тариф - 1 кВт/с үшін ҚҚС-сыз 8,28 теңге (9,27 теңге ҚҚС-мен) болады», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.