Астанада қарбалас уақытта жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігі таңертеңгі және кешкі қарбалас уақыттарда жүк көлігі қозғалысына шектеу енгізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Мұндай шешімді қабылдауға елордадағы көлік ағының жалпы жылдамдығының төмендеуіне жүк көліктерінің әсері себеп болды. Бүгінгі таңда қаланың аумағында 220-дан астам құрылыс учаскелері жұмыс істеуде, олардың бәріне жүк техникасы қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, жүк машиналары жылдамдығының, олардың маневр жасау баяулығы мен көлемінің үлкендігі сияқты факторлар жолдарда апаттық-қауіпті жағдайлар тудыруы мүмкін.

Шектеу 14 мамырда жұмыс күндері сағат 07.00-ден 09.00-ге дейін және 17.30-дан 20.00-ге дейін автомобиль жолдары шекараларының аймағында салмағы 3,5 тоннадан артық жүк көліктерінің қозғалысына енгізіледі. Ол 31 желтоқсанға дейін қойылып отыр.

Елорда әкімдігі мұндай шектеуді ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде қолданды. Ол кезде қаланың белгілі бір учаскелеріне жүк көлігінің кіруіне сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін шектеу қойылған болатын.

Жүк қозғалысына шектеу бекітілген сұлбаға сәйкес қала ішіндегі белгіленген 18 учаскеге қатысты болады.