Астанада кәріздік құдықтан белгісіз жағдайда үш адамның денесі табылды - Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат - Астанада белгісіз жағдайда кәріздік құдықтың ішінен үш адамның - «АСКАДИ» ЖШС-нің құбыр төсеуші үш жұмысшысының денесі табылды,

деп хабарлайды  Төтенше жағдайлар  министрлігі.

41, 18 және 19 жастағы     ер  азаматтардың  денелері  дүйсенбі күні сағат  15.32-де   елорданың Есіл ауданындағы Тұран  даңғылында табылды.     Төтенше жағдайлар  ведомствосының  хабарлауынша,   тағы бір 19 жастағы жұмысшы ауруханаға түскен.