Бұл қаладағыи алтыншы шағын орталық. «Жыл мезгілдері» атауымен ашылған (Қабанбай даңғылы, 46/1) орталық керекті жиһаздармен жабдықталған. Аталмыш орталықта кездесулер ұйымдастырып, зейнеткерлерді жеке мәселе бойынша қабылдауға, дөңгелек үстел және семинар өткізуге болады.
Орталықтың салтанатты ашылуына қалалық ардагерлер кеңесінің өкілі Ерболат Дүйсенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Рысты Атығаева, президиум мүшесі Марат Исажанов, «Астана ЖилСервис НС» қызмет көрсету компаниясының директоры Салтанат Кездікпаева шақырылды. Ашылу барысында аға ұрпақ өкілдеріне пайдалы сыйлықтар табыс етіліп, түрлі құттықтаулар жолданды.
Естеріңізге сала кетейік, осындай орталықтар аудандық ардагерлер кеңесі Есіл ауданы әкімігемн бірлесіп «Нұрсая-1», «Уют», «Инфинити-1», «Арман қала» тұрғын үй кешендерінде ашқан болатын.