Астанада Қарулы Күштер қатарында келісімшарт бойынша қызмет еткісі келетіндер үшін үгіт пункті ашылды
Бүгін Астанада азаматтарды келісімшарт бойынша жинақтайтын жылжымалы үгіт пункті жұмысын бастады. Оның орналасқан жері - Теміржол вокзалы.
«Армия туралы, әскери қызметтің шарттарын жұртшылыққа түсіндіре алатын Қарулы Күштердің өкілдері халыққа бұрынғыдан да жақындай түсті. Келісімшарт бойынша әскери қызметке жинақтау пунктінің қай жерде екенін білдіретін мемлекеттік және орыс тілінде жасалған үлкен екі билборд алыстан көз тартады. Пункт вокзалдың екінші қабатындағы күту залында орналасқан», - делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Телевизиялық мониторларда әскери қызмет туралы бейне роликтер көрсетілуде. Жолаушылар Қарулы Күштер қатарына қабылдау туралы түсініктеме беретін журналдарды көріп, брошюра, буклеттермен танысуда. Азаматтардың барлық өтініштері мен сұрақтарына Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қызметкері жауап береді.
Жылжымалы үгіт пункті жұмысын сағат 9-дан бастады. Әскерде қызмет еткісі келетін, бірақ ол үшін не істеу керектігін білмейтін жас азаматтар қайда бару қажеттігі туралы және өзге де ақпараттарды осы жерден ала алады.
Жуық арада Астанада келісімшарт бойынша әскери қызметке жинақтайтын тағы бір жылжымалы үгіт пунктін ашу жоспарда бар. Ол қаланың әртүрлі учаскелерінде жұмыс істейтін болады.
Іріктеу шараларынан сүрінбей өткен кандидаттарды Қорғаныс министрлігі комиссиясының шешімімен әскери қызметке қабылдау қарастырылады.
2013 жылы іріктеу шараларын өткізу:
Қазақстан Қарулы Күштері қатарында қызмет етіп, өз Отаны мен халқын қорғағысы келетіндер жергілікті әскери басқару органдарына немесе өзі тұратын елді мекендегі кез келген жинақтау пунктіне хабарласа алады.