Бұл туралы Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінен мәлім етті.
«Қазақстанның еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экономикалық дамуына ықпал ету мақсатында елді білікті кадрлармен қамтамасыз ету» тақыбында өтетін пікір алмасудың басты мақсаты - кәсіби білім беру саласындағы Қазақстан-герман жобаларының тәжірибелері негізінде Қазақстан Республикасында кәсіби білім берудің корпоративтік үлгісін айқындау және дамыту.
Іс-шараға ГФР-дың Қазақстандағы Елшісі Райнер Шлагетер, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қылышбай Бисенов, ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов, ҚР БҒМ Кәсіби білім беру бөлімінің басшысы Қадырбек Бөрібеков қатысады деп күтілуде.
Сондай-ақ оған, қазақстандық ғылыми- зерттеу ұйымдарының, оқу орындары мен кәсіпорындардың, кәсіби білім берудің корпоративтік үлігісін дамытуға мүдделі басқа да мекемелер өкілдері арнайы шақырылып отыр.