Астанада Қасым Қайсенов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

АСТАНА.KAZINFORM — Астанада SABIS халықаралық мектебіне жылу желілерін тарту жобасы аясында жылу трассасын монтаждау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлім етті.

Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

— Жұмыс жүргізілуіне байланысты Қ. Қайсенов көшесінің Т. Рысқұлов көшесімен қиылысатын тұсында 2026 жылғы 14 тамыз күні сағат 21:00–ден 17 тамыз күні сағат 05:00–ге дейін аталған учаскеде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Жүргізушілер бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруі қажет, — деп ескертті әкімдіктен.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жүргізілетін аумақта тиісті жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Айта кетейік, бұған джейін Ұлы Дала даңғылынан Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде Ш. Айтматов көшесінде төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмыстары жүргізілетінін жаздық. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 12 мен 24 тамыз аралығында аталған учаскедегі қозғалыс ішінара жабылатын болады.