Осындай істердің ішінде шартты орындамағаны үшін 8 824 іс қаралған. 2015 жылы бұл көрсеткіш 4 647 деңгейінде тіркелген. Бұл туралы бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ақан Жұмағұлов мәлім етті.
«Азаматтық істердің құрылымында кәсіпкерлердің арасында шарттық міндеттемелер аясындағы даулар туралы сотпен қаралған істер басым болып келеді. Осындай істердің ішінде шартты орындамағаны үшін 8 824 іс қаралған. 2015 жылы бұл сан 4 647-ге тең болған», - деді ол баспасөз мәслихатында.
Оның сөзінше, мұндай даулардың себептері әр түрлі: міндеттемелер орындалады, бірақ ақы төленбейді, немесе керісінше алдын ала ақы төленген, ал қызмет жүргізілмейді.
Сотта жосықсыз бәсекелестік пен монополияға қарсы заңнаманы қолданумен зияткерлік меншік құқығымен байланысты даулар да бірнеше есеге көтерілген, егер 2015 жылы 9 талап арыз түссе, 2016 жылы 40 арыз түскен.