Астанада кәсіпқой бокс кеші өтеді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 желтоқсан күні Астана қаласындағы  «Дәулет» спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокс кешінде Айдар Шарыбаев, Елшат Нығыметоллаұлы, Асхат Уалиханов, Абылайхан Құсайынов және Руслан Мырсатаев шаршы алаңға шығады.

Боксшылардың қарсыластары алдағы күндері белгілі болады.

Бокс кеші «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтеді.
 

Айта кетейік, «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясын қазақтың танымал кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам  Америкада ашақан болатын. Аталған  промоутерлік компания Американың ірі промоутерлік компанияларымен бірлесіп, үлкен бокс кештерін ұйымдастыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар